Алматылық «Қайраттың» капитаны Самат Смақов Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғаған бұрынғы командаластарын қолдады.

Көпшілік қауым Андрей Сидельниковтың болмайтын жерден қателік жасап, гол жіберіп алғанына кінәлсә, Смақов қақпашыға демеу болды.

«Міне, жақсы алаң мен НАШАР алаңның айырмашылығы. Егер алаң жақсы болғанда Сидела допты ұстап алушы еді», - деп жазыпты Самат Смақов Twitter-дегі парақшасында.