Зарина Диас WTA аясында Вашингтонда өтіп жатқан Citi Open турнирінің ширекфиналына шыға алмады.

Жапон Куруми Нараға қарсы бірінші айналымдық матчта Зарина алғашқы сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті, алайда екіншісінде жеңіліп қалды (2:6), үшінші партияда қарсыласына 0:4 есебімен жол беріп жатқан кезде жерлесіміз денсаулығына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

 

Куруми Нара (Жапония) – Зарина Диас (Қазақстан) 3:6, 6:2, 4:0, бас тартты