Қазақ теннисшісі Зарина Дияс келесі аптадан бастап еліміздің 1-ракеткасы атанады.

Бұл туралы  24.kz арнасы мәлімдеді. Қазақ қызы Вашингтон турнирінің 2-айналымына өтті. Сондықтан ол өз отандасы Ярослава Шведовадан ұпай санымен озып, Қазақстанның 1-ракеткасы болады. Егер турнирдің 2-айналымында жапон спортшысы Куруми Нараны жеңсе, онда спорттық карьерасында үздік 50 теннисшісі қатарына енеді.