УЕФА-ның Маркетинг жөніндегі комитетінің мүшесі Қуаныш Қанапьянов Чемпиондар Лигасы аясында өтетін кездесуде делегат болып қатысады, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы Әзірбайжанның «Карабах» және Аустрияның «Зальцбург» арасындағы кездесуге делегат болып бекітілді. 

Ойын бүгін, яғни шілденің 30-ы күні Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Республикалық стадионында өтеді.