Атақты американдық миллиардер Дональд Трамп жерлесіміз Геннадий Головкинді мақтады.

«Сенбі күні «Мэдисон-сквер-Гарден»-де Головкин-Гил жекпе-жегін тамашаладым. Геннадий өте керемет жұдырықтасты. Оның Флойд Мэйвезерге қарсы жепке-жегін көргім келеді», - деп жазды «Твиттерде» белгілі бизнесмен.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде австралиялық боксшы Дэниэл Гилді үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.