ФИЛА-ның ресми сайтында жолдама алғандардың есімі жарияланды.

Бұған төрт қазақстандық күресші кірді.

Еркін күрес – Мұхамбет Қуатбек 54 келіге дейін салмақ бойынша;

грек-рим күресі – Райымбек Құрналұлы 58 келіге дейін салмақ бойынша, Евгений Полидавов 69 келіге дейін;

әйелдер күресі – Мерей Дүйсенова 70 келіге дейін салмақ бойынша.

Тамызда қытайлық Нанкин қаласында өтетін турнирге әлемнің 47 елінен 112 спортшы қатысады.