Осы аптада Англия құрамасының капитаны Стивен Джеррард ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Стивеннің құрметі үшін оның ұлттық құрамадағы ғұмырына аз-кем тоқталған едік.

ДебютАнглия құрамасының 2000 жылғы бапкері Кевин Киган Лэмпард, Джеррард және Терри секілді талантты жас футболшылар ұлттық құрама сапына шақырған болатын. Стивен Англия құрамасының сапындағы ең алғашқы кездесуін Украина мен өткен жолдастық кездесуде өткізген болатын. Ол кезде Стивен 20 жаста еді. Кездесу 2:0 есебімен ағылшындардың жеңісімен аяқталған.

Алғашқы гол2002 жылы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде ағылшындар Германия мен қарсы ойнап, 5:1 есебімен жеңілген болатын. Сол кездесуде Стивен ағылшындар сапындағы өзінің алғашқы голын және ойындағы ағылшындардың жалғыз голының соққан. Бірақ, Джеррард жарақатына байланысты сол жылғы Әлем біріншіліген қатыса алмады.

Капитандық міндетАнглия құрамасы 2006-2007 жылы жаттықтырған Стив Макларен Стивенді Терриден кейінгі вице-капитан ретінде алаңға шығарған болатын. Англияның негізгі капитаны Джон Терри Капелломен сыйыспай, құрамаға ілікпей қалған болатын. Сөйтіп, дон Фабио капитандық қызметті Стивен Джеррардқа тапсырды. 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен Әлем біріншілігінде Стив Англия құрамасын капитаны ретінде жасыл алаңға шығып жүрді. Ал, Стивен Джеррардтың ресми капитандық қызметі 2012 жылы Англияға Ходжонс келген соң басталып, ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанша осы қызметті атқарды.

100-ші матч2012 жылдың қараша айында Англия құрамасы Швеция мен өткізген жолдастық кездесуінде Стивен алаңға шықты. Бұл оның ұлттық құрамадағы 100-ші матсы болды. Стивен Джеррард Англия құрамасының сапында жалпы – 114 кездесу өткізді.

«Уэмбли» аренасымен қоштасу2013 жылдың 15-ші қазан күні Джеррард Англия құрамасы Польша құрамасына қарсы өткен кездесуде соңғы рет «Уэмбли» аренасында доп тепкен болатын.

Соңғы ойынДжеррард ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын, Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатының топтық турниріндегі 3-тур ойынында Коста-Рика құрамасына қарсы өткізген болатын. Бұл Стивен Джеррардтың ұлттық құрама мен Әлем чемпионатындағы соңғы ойыны енді. 2000 жылы Ұлттық құрама сапында жеңіспен басталған карьера 2014 жылы тең нәтижемен аяқталды.

Біздің анықтама:Алғашқы Матч: 30-шы мамыр, 2000 жыл. Англия – Украина – 2:0114 рет алаңға шығып, 21 гол соққан38 рет алаңға Англия құрамасының каптина ретінде шыққанЕуро-200, Еуро-2004, Еуро-2012, ӘЧ-2006, ӘЧ-2010, ӘЧ-2014 қатысушысы.

Ақпарат Қазспорт арнасының ресми сайтынан алынды.