Евгений Бельский Германия – Португалия құрамаларының арасындағы ойынға төрелік ететін арбитрлар алқасына енді, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Ел футболының тарихында тұңғыш рет Қазақстан төрешілер корпусының өкілі Еуропа чемпионатының финалдық кездесуінде қызмет етеді. Нақты айтсақ, тараздық лайнсмен Португалия мен Германия жасөспірімдер құрамалары арасындағы финалдық матчта төрелік ететін арбитрлар алқасына енді.

Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалы 31 шілде күні Будапеште өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 22:45-те басталады. Eurosport арнасы тікелей эфирден көрсетпек.

Бас төреші: Хавьер Эстрада Фернандес (Испания).Қапталдағы төрешілер: Даррен Ингланд (Англия), Евгений Бельский (Қазақстан) Резервтегі төреші: Инеа Джорджи (Албания), Матч инспекторы: Йосеф Марко (Словакия).

Отандық арбитріміздің УЕФА финалына төрелік етуі – Қазақстан төрешілер жүйесінің Еуропа алдындағы беделінің артқандығын және Еуропа футбол қауымдастығының бізге деген зор сенімін көрсетеді.

Евгений Бельский 1981 жылы дүниеге келген. Қазақстандағы көшбасшы арбитрлардың бірі. ФИФА ассистенті ретінде он жылдан бері қызмет атқарып келеді. Венгриядағы додада қазақстандық төреші жартылай финалды қосқанда төрт ойынға төрелік еткен.

1 тур: Болгария-Германия2 тур: Венгрия-Португалия3 тур: Германия-УкраинаЖартылай финал: Германия - Аустрия