Қарағандылық «Шахтердың» Еуропа Лигасында қарсылас атанған «Хайдук» клубы украиналық Артем Милевскиді өз сапын қосты.

Бұл туралы хорватиялық кллутың ресми сайты мәлімдейді. Естеріңізде болса, Милевский қысқы маусымаралық үзілісте «Ақтөбе» клубында медициналық тексерістен өткен болатын. Алайда батысқазақстандық команданың басшылығы келіссөзгі ары қарай жалғастырудан бас тартқан болатын.

 «Футболшы Қазақстаннан қайтып оралғаннан кейін 1-ші тамыз күні ресми түрде таныстырылады», - деп жазылыпты клубтың ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» мен «Хайдук» арасындағы алғашқы кездесу 31-ші шілде күні Қарағанды қаласында өтеді. Басталу уақыты 18:30.