Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов 2020 жылға дейін еліміз ең ірі велододалардың бірінде алғашқы кезеңдерді қабылдайтын мүмкіндікке ие екенін айтты, деп хабарлайды sports.ru AFP-ға сілтеме жасап.

«Бүгінде бұл қалжың ретінде естілуі мүмкін, бірақ Йоркширдің тәжірибесі бізге қызық боп көрінді. «Тур де Франс» велоспорттың өзі секілді ғаламдық оқиғаға айналды. Бес миллион адам көшеге шыққанда бәрі де қобалжып тұрды.

Біздің идеямыз – осыны бір күні Қазақстанға алып келу. Йоркширде дайындыққа үш жыл кетті, бұл біздің де  қолымыздан келеді деп ойлаймын», - деді Келімбетов.