Қазақстандық теннисші негізгі кезеңге іріктеу арқылы өткен америкалықты жермен-жексен етті.

WTA рейтингінде 53-орында тұрған 20 жасар Зарина Диас Алисия Блэк Торнадоны 6:4, 6:0 есебімен оңай жеңді. Матч 1 сағат, 15 минутқа созылды. Бұл қыздардың арасындағы алғашқы ресми кездесу еді.

1/8 финалда Заринаның қарсыласы тағы бір америкалық Мэдисон Кизден айласын асырған жапон Куруми Нара болады.