«Ливерпульдің» қорғаушысы жаңа маусымды испаниялық Ла Лигада бастауға қарсы емес, деп хабарлайды Sport.es.

«Ливерпуль» Даниэль Аггердің бағасын айтты – 15 миллион еуро. Дереккөздің жазуы бойынша, даниялық «Барселона» сапына ауысу үшін жалақысын да азайтуға дайын. Келіссөздің жай-жапсары әрі хабарланбады.

Естеріңізге сала кетсек, Аггер «мерсисайдтар» қатарында 2006 жылдан бері өнер көрсетіп жатыр және бүгінге дейін Англия чемпионатында топ жарып, Суперкубок пен Лига кубогының жеңімпазы атанды.