Футболдан 2002 жылғы әлем чемпионы бразилиялық Роналдиньо «Атлетико Минейро» клубымен келісімшартты үзді, деп хабарлайды inform.kz сайты.

Келісім 2014 жылғы желтоқсанға дейін жасалған болатын. Жергілікті БАҚ-тардың жазуынша, спортшы  мен команданың жаңа бас бапкері Левир Кульпидің арасында келіспеушіліктер орын алған көрінеді.

 34 жастағы шабуылшыға қызығушылық танытып отырған клубтар аз емес. Қазірдің өзінеде оған аргентиналық «Бока Хуниорс», бразилиялық «Флуминенсе», мысырлық «Замалек», солтүстікамерикалық Бас футбол лигасы және Еуропаның бірнеше клубтары ұсыныс беруге әзір.