Ақмола облысының Щучинск қаласында 2014 жылдың 15-20 тамыз аралығында тоғызқұмалақтан «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығының» Кубогі үшін ашық республикалық рейтингтік жарыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды ұлттық спорт қауымдастығының ресми сайты.

Жарысқа Қазақстан Республикасы мен шетелдің спортшылары шақырылып, жекелей және командалық есепте жүргізіледі.

 

Команда құрамы 9 адамды құрайды:

2000 жылы туған және одан кіші – 1 ұл мен 1 қыз,

1999-1997 жылы туған  - 1 ұл мен 1 қыз,

1996 жылғы және одан жоғары  - 1 ұл мен  қыз,

40 жастан асқан 1 ардагер1 басқарушы және 1 төреші.

Жарыс әр жас ерекшелігі бойынша, 7 топта өткізіледі. Жекелей есепте командасы үшін ойнаған спортшылардың ұпайлары жеке өзіне және командасы үшін де жазылады. Әр жас ерекшелігі бойынша жекелей есепте ойнауға келген спортшыларға қатысуға рұқсат беріледі және қатысу мөлшеріне шек қойылмайды. Олардың нәтижелері өз есебіне жазылады.

Жекелей есепте әр жас ерекшелігі бойынша 1-2-3 орын иеленген спортшылар Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы тағайындаған бағалы сыйлықтар, медальдар мен дипломдарменмарапатталады. Командалық есепте жүлделі орын алған командаларға кубок пен арнайы дипломдар табысталатын болады.

Бәсеке Щучье қаласының Экология және орман шаруашылығы колледжі ғимаратында өтеді.