26-27 шілде аралығында Германияның Гамбург қаласында өткен «Telecom Cup - 2014» турниріне «Бавария», Гамбург», «Вольфсбург» және Боруссия Менхенгладбах» клубтары қатысты.

Финалдық ойында «Бавария» мен «Вольфсбург» кездесіп, «Бавария» 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал, үшінші орынды «Гамбург» иемденді.

Telecom Cup 2009 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді.

 

Telecom Cup, Финал.

«Вольфсбург» — «Бавария» — 0:3

Голдар: 0:1 — Левандовски (4), 0:2 — Роде (15), 0:3 — Левандовски (20)

ВОЛЬФСБУРГ: Грюн, Юнг (31, Клозе), Кнохе, Родригез, Медоевич (31, Маланда), Клих (44, Зегуйн), Перишич (21, Калиджури), Арнольд (31, Хант), Вейринья, Шайдхауэр

БАВАРИЯ: Штарке, Мартинес, Бадштубер (34, Рафинья), Алаба, Хойберг, Гаудино, Роде (56, Тобиас Швайнштайгер), Бернат (37, Контенто), Писарро, Левандовски, Рибери (56, Ойкономоу)