Бүгін Париждің Елисей алабында «Тур де Франс» супер-көпкүндігінің соңғы кезеңі аяқталды.

 «Астана» командасының велошабандозы, итальяндық Винченцо Нибалиәйгілі «Тур де Франс» көпкүндігінің бас бәйгесін қанжығаға байлады. Еліміздің «Астана» құрамасының капитаны өзінің қарсыластары, француз Жан-Кристоф Перо мен Тибо Пиноны да шаң қаптырды. «Тур де Франстың» төрт кезеңінде алдына жан салмаған қазақстандық спортшы соңғы 40 жылда ешкімнің қолы жетпеген жетістікті еншілеп отыр. Алкомандалық есепте қазақстандық «Астана» командасы 6-орынға ие болды.

Айта кетейік, Винченцо Нибали велошоссе спортында 3 гранд-турды жеңіп алған тарихтағы 6-спортшы атанды.