Дэниэл Гилдің промоутері Гэри Шоу аустралиялық боксшы мен Геннадий Головкиннің арасындағы кездесуден кейін жерлесіміздің күші мен ауқаты туралы жақсы пікірде қалғанын айтты.

«Менің бокста жүргеніме қырық жылдай уақыт өтті. Головкин – мен көргендердің ішіндегі ең үздік жартылай салмақтағы боксшы. Гил 12 раунд шыдай алады деп үміттенген едім. Ол жақсы қимылдады, бірақ Головкин тым ауыр қарсылас болып шықты. Онда қозғалыс, күш бар. Геннадийде орта салмақта ешкім жеңе алмайтын стиль бар», - деді Шоу.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин аустралиялықты үшінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы 30-шы жеңісіне жетті.