ҰХЛ мен АХЛ-ның төрешілері ҚХЛ-ның матчтарында қазылық етуі мүмкін, деп хабарлады Құрлықаралық хоккей лигасы төрешілер департаментінің басшысы Александр Поляков.

«Егер клубтар келісімін берсе, Солтүстік Америкаға барып, келіссөз жүргізу керек болады. Бұл жерде қандай арбитрды алуымыз керектігін түсінуіміз қажет. ҰХЛ-нан ба? АХЛ-нан ба? Бірақ әзірше командалармен келісім болған жоқ. Бізде чехиялық арбитр Антонин Ержабекпен, сонымен қатар, финн Юри Ренн және латвиялық Эдуард Одинышпен бір жылдық келісім-шартымыз бар», - деді Поляков.