Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Еуропа лигасының қатысушысы қарағандылық «Шахтерді» қабылдап, жеңіске жетті.

«Кеншілердің» бас бапкері Виктор  Кумыков негізгі құрамның бірнеше ойыншысын алаңға шығарған жоқ, бірақ бұл «Шахтер» ойынының сапасына өзгеріс алып келген жоқ. Десе де, қарағандылықтар жеңілістен құтыла алмады.

Есепті 36-минутта Томаш Шимкович ашты. Огнен Красичтен пас алған аустралиялық жартылай қорғаушы Стас Покатилов қақпасының «алтылығын» дәл көздеді. 

Келесі голды көру үшін ойынның соңына дейін күтуге тура келді. Төреші қосқан қосымша уақытта Рауль Джалилов пен Иржи Йослинек Покатиловпен оңаша қалды. Біріншісі айып алаңына еніп, допты чехиялыққа асырды, соңғысы ойынның нүктесін қойды.

 

«Тобыл» (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:0 (1:0)

Голдар: 1:0 – Шимкович (36), 2:0 – Йеслинек (90+2)