Елордалық клуб Атыраудан келген қонақтарды қиындықсыз жеңді.

21-турдағы «Астанаға» қарсы кездесу – Владимир Никитенконың «Атырау» тізгінін ұстағалы алғашқы матчы. «Мұнайшылар» биылғы маусымда ешқандай мақсаттарды орындай алмады, енді тек қалған ойындарда екінші алтылықта атыраулықтардың намысына дақ түсірмеуге тырысатын болады.

Ойынның басты қаһарманы сөзсіз Фокси Кетевоама болды. Ол алдымен 25-минутта сол қанаттағы Дмитрий Шомконың пасын әдемі түйіндесе, екінші таймның басында елордалықтардың басымдығын одан сайын нығайтты. Қонақтардың қорғаушысы Михаил Афанасьевтің өрескел қателігінен кейін Фокси Андрей Шабановтың қақпасын екінші рет дәл көздеді.

Бұл дубль де африкалықты тоқтатпады. Төреші қосқан төрт минутта Кетевоама хет-триктің авторы атанды. Осылайша Никитенко өзінің дебюттық матчында Астанадан ірі есеппен жеңіліп қайтты.

Қазақстан Премьер-лигасы. 22-тур.

«Астана» - «Атырау» - 3:0 (1:0)

Голдар: Кетевоама 25, 56, 90+3

«Астана»: Эрич, Пикалкин,Постников, Дмитренко, Шомко, Твумаси (Бейсебеков 61), Жуков (Каньяс), Эссаме, Мұжықов, Кетевоама, Курдов (Нөсербаев 74)

«Атырау»: Шабанов, Бутуев, Абдулин (Пласконный 10), Одибе, Афанасьев , Пейкришвили, Коструб, Шахметов, Адийя, Пархачев (Трифунович 54), Блажич (Нұрыбеков 70)

Төрешілер: Асхат Абданбаев (Тараз), Виталий Дерцапф (Орал) , Денис Виноградов (Петропавл)

Ескертулер: Кетевоама 90+4 - Адийя 53

27 шілде. «Астана Арена» стадионы. Астана