Астанада ITF аясында Ұлттық теннис орталығында Қазақстан Президенті Кубогы сарапқа салынған әйелдер арасындағы турнир аяқталды. Аталмыш доданың жүлдеқоры 100 000 АҚШ долларын құрайды.

Жеке сайыстың финалдық матчында ресейлік Виталия Дьяченко үш сетте Түркияның өкілі Чагла Бюйюкакчайты тізе бүктірді – 6:4, 3:6, 6:2.

Бұның алдында Дьяченко отандасы Маргарита Гаспарянмен бірге жұптық сайыс бойынша да Президент Кубогын еншіледі.