Аустралиялық Дэниэл Гилді жеңген қазақстандық Геннадий Головкин жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғысын айтты.

«Менің достарым мен фанаттарыма осы түнде қолдау көрсеткені үшін үлкен рахмет!!! Бұл шоу сіздер үшін!!! Рахаттаныңыздар!!!», - делінген Головкиннің «Твиттерінде».

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтың мәнсабындағы ең қиын қарсылас болуға уәде берген Гилді Геннадий үшінші раундта нокаутқа жіберді.