Бакуда өтіп жатқан Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнирде 61 келіге дейін салмақта Расул Қалиев қола медаль еншіледі.

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы хабарлады. Дереккөздің мәлімдеуінше, 61 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Қалиев ширекфиналға дейін жетті. Қола медаль үшін күресте ол былтырғы турнирдің финалисі жамбылдық Руслан Сексенбаевты 4:3 есебімен қапы қалдырды.