«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев Қазақстан чемпионатындағы «Ертіске» қарсы матч туралы пікірін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, ел чемпионы біріншілік аутсайдерлерінің бірі павлодарлық клубпен күтпеген жерден тең түсті.

«Біз аумақтық басымдыққа ие болдық. Екінші таймда біздің басымдығымыз одан да көп болды. Осы жақта екі ұпайды жоғалтып алғанымыз өкінішті. Біз мұнда тек жеңіс үшін келген едік. «Ертіс» үлкен күшпен, бүкіл команда боп қорғанды, олар тиімді нәтижеге жетуге тырысты. Олардың қолынан келді, құттықтаймын.

Біздің командаға келетін болсақ, ең үздік ойынымыз болмады. Оңтайлы функцияналдық жағдай болған жоқ. Кейбір объективті себептерді мойындауымыз қажет. Чемпиондар лигасының матчтарында көп күш пен эмоциямызды жібердік. Бірақ біздің команда үшін бұл сылтау емес, жігіттерге осылай деп айттым. Осындай тарихы, дәстүрі және амбициясы бар команда әр ойында жеңуі қажет. Қазір екіден үшінші күні ойнау қиын екенін, жиі ойнап, шаршайтынымызды айту сәнге айналды. Мұндай болмауы қажет. Мен ешқашан, «Аланияда» жүргенде де, мұндайға назар аудармаймын. Командаға, әсіресе көшбасшыға, қалпына келу үшін үш күн жеткілікті. Бірақ әзірше ондайға жете алмай тұрмыз. Тағы да қайталаймын, әлі де жұмыс жасауымыз қажет. Бізде өте жақсы ойыншылар бар, бірақ көп тұстарымызды күшейтуіміз керек.

Есеп 1:1, «Ертіс» командасы тең есепке лайық болды, өте тырысты ғой. Оларды құттықтаймын», - деді Газзаев.