Жас спортшы шетелдегі жарыстан шет қалуы мүмкін, деп хабарлайды Жетінші арна.

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы Евгения ДолгалЁва халықаралық Гран-При бәсекесінен шет  қалуы мүмкін. Себебі жас спортшының бұл жарысқа баруына қаржы қол байлау болып тұр. Франция мен Словенияда өтетін байрақты бәсеке тамыздың ортасына жоспарланған екен. Оған Евгения да шақырту алған. Алайда ел намысын қорғауға баратын қаршадай қыздың жол шығындарын қалтасы көтермейді. Евгения Долгалева,  мәнерлеп сырғанаушы:  - Мен аптасына алты күн жаттығу жасаймын. Күнделікті 1,5 сағат уақытым мұз айдында өтеді. Жаттығуларды жібермеймін.Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшының тұрақты жаттығу орны да жоқ. Сондықтан ол айына елу мың теңге төлеп, ақылы мұзайдындарда жаттығуға мәжбүр. Евгений Шалаев,  жаттықтырушы:  - Евгенияның мәнерлеп сырғанаудағы жетістіктері көп. Бірақ үлкен спортшыға айналу үшін халықаралық жарыстарға көп қатысуы керек. Сондықтан біз оны шетелге шығару үшін қазір қаржы жинап жатырмыз. Франция мен Словенияда өтетін Гран-При бәсекесіне барып қайтудың өзіне - 400 мың теңе керек екен. Сондықтан спортшыға жаттықтырушылары, достары мен туыстары қаржылай көмек көрсетуде. Әзірге олар бар болғаны 200 мың теңге жинап үлгерген екен.