Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін «Мэдисон Сквер Гарден» cпорт кешенінде көптен күткен жекпе-жегін өткізді.

Аустралиялық Дэниел Гилл қазақстандық былғары қолғап шебері Головкиннің қауқарына тойтарыс бере алмады. Алғашқы минуттардан Генаның басымдығымен өткен жекпе-жектің үшінші раундында Гиллді сұлатып түсірді. Геннадийдің оң қолымен жасаған жойқын соққысынан кейін Дэниел есін жия алмай қалды.

Осылайша, көптен күткен жекпе-жекте өз мәресіне жетті. Ал Геннадий Головкин тағы да өзің жеңімпаз боксшы екенін дәлелдеді.