УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аяқталып, үшінші іріктеу кезеңінің қарсыластары анықталды. Бұл сында елордалық «Астана» мен қарағандалық «Шахтер» бар. Осы екі ұжымның қарсыластарына көз жүгіртіп өтейік.

«АСТАНА» - АИК

АИК клубы 1891 жылдың 15-ші ақпанында құрылған. Швецияның ең үздік клубтарының қатарында. Швецияның 11 дүркін чемпионы және Швеция кубогын 8 рет ұтқан. Андреас Альм баптайтын жігіттер екінші іріктеу кезеңінде Ирландияның «Линфильд» клубын айналып өтті.

Бұл команданың белді ойыншыларының бірі – Коста-Рика құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Сельсо Борхес. Ол өз елінің ұлттық құрамасы сапында 65 ойын өткізіп, 15 гол соғыпты. 

«ШАХТЕР» - «ХАЙДУК»

«Шахтер»  өткен жылғы жетістігін қайталау үшін «Хайдукті» жеңуі керек. «Хайдук» Хорватияның ортаңқол клубтарының бірі. 1911 жылдың 13-ші ақпанында құрылған клуб, Югославияның 9 дүркін, ал Хорватияның 8 дүркін чемпионы болған. Сплит қаласының клубы биылғы Еуропа лигасына екінші кезеңнен қосылды. Ирландияның «Дандолк» клубымен кездесіп, жалпы есепте 3-2 есебімен басым түсті.«Астана» да, «Шахтер» де 31 шілде күні бірінші ойындарын өз алаңдарында өткізеді. Ал қарымта матчтары 7 тамызда қарсыластарының алаңында өтеді.