Қазақстан мен Қытайдың ең үздік кикбоксшылары Астана қаласында кездесті, деп мәлімдейді 24.kz арнасы.

Жолдастық жекпе-жектер қос құраманың шеберлігін шыңдап, біліктіліктерімен бөлісуге арналған. Бағдарлама бойынша шаршы алаңға 7 спортшыдан шығып, өзара мықтыны анықтады. Ал жарыс аяғында аты әлемге әйгілі шаолинь шебері Лью Люн өнер көрсетіп, шараны шоуға айналдырды. Айта кетейік, қос құрама арасындағы жолдастық кездесу бірінші рет өтіп отыр. Енді осы кибоксшылар алда келе жатқан әлем чемпионатына дайындалады.

 Тастанбек Есентаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы:

«Бүгінгі кездесу қос құрама мен екі ел арасындағы ынтымақтастықты бекіте түсетіне сенімдімін. Спортшыларға тек сәттілік тілеймін. Алдағы әлемдік додадан тек алтын жүлдемен оралыңдар».