Қазақстан Премьер-лигасының 21-ші турында «Қайсар» өз алаңында «Жетісудан» айласын асыра алмады.

Қызылорда қаласында өткен кездесуде есеп ашылмады. Қос команданың гол соғатындай мүмкіндіктері болды, алайда әр кезде шабуылды түйіндейтін футболшы табылмады. Жанкүйерлердің өкінішіне орай бұл матчта гол соғылмай, «Қайсар» жеңіске жететін мүмкіндікті жіберіп алды.

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 21-ші тур.

«Қайсар» - «Жетісу» - 0:0

«Қайсар» : Прядкин, Кляйн, Кулибали, Розыбакиев, Дәуітов, Шестаков, Марушко, Калинин, Молдақараев, Струков, Хунт

«Жетісу» : Пасеченко, Сариев, Зотов, Кузьмин, Шайхов, Кадио, Эргашев, Данилюк, Эсатов, Путинчанин, Шафф

Бас төреші: Александр Алиев (Алматы)

Қосалқы төрешілер: Нурлан Джаспенов, Сергей Васютин (екеуі де — Алматы)

Инспектор: Олег Соколов (Астана)