Ел чемпионы «Ақтөбе» сырт алаңда керекулік «Ертіспен» тең түсті.

Алғашқы тайм алаң иелерінің пайдасына шешілді. 26-минутта Константин Дудченко «Ақтөбе» қорғанысындағы қателікті ұтымды пайдаланды. Қиын жағдайға түскен чемпиондардың шабуылда ойыны жүрмеді. Тек екінші таймда алдыңғы шепте ойнайтын негізгі құрамның футболшылары алаңға шығуымен ақтөбеліктер белсенді ойнай бастады. 79-минутта батысқазақстандықтар Андерсон Сантананың көмегімен таразы басын теңестірді. Бұдан кейін де қонақтардың үш ұпай еншілейтін мүмкіндіктері болды. Алайда оларға сәттілік жетіспеді.

«Ертіс» алғашқы алтылыққа кіру мүмкіндігінен айырылып қалған болатын. Енді олардың мақсаты келесі маусымға дұрыстап дайындалу ғана. Ал Керекуден бір ұпаймен оралған «Ақтөбе» көш басында қала береді.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 21-ші тур.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 1:1 (1:0)

Голдар: Дудченко 26 – Сантана 79