Бүгін, 26 шілдеде, Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Шахтер» мен «Хайдук» матчына билеттер сатылымға шықты.

Естеріңізге сала кетсек, кездесу 31 шілдеде Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында болады. Матч Астана уақытымен 18:30-да басталады.

«Кеншілердің» ресми сайты хабарлауынша, билеттер «Умай» сауда үйі, «Аян» супермаркетінің қасында, Майқұдық, Карл Маркас көшесі 9 үйде сатылады.