Қазақстандық теннисші бірінші айналымдағы қарсыласын білді.

Андрей Голубев Китцбюэль турнирінің алғашқы матчында аргентиналық Хуан Монакомен жекпе-жекке шығады. Жалпы есепте Андрей 0:3 есебімен жеңіліп тұр. Матч ертең, 27 шілдеде, Астана уақытымен 16:00-де басталады. Егер жеңіске жетсе, екінші кезеңде Голубев Ярко Ниеминен (Финляндия) – Теймураз Габашвили (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бір айта кетерлігі, Андрей Голубев жүлдеқоры 426 мың еуроны құрайтын аталмыш додаға бірінші рет қатысып жатыр.