«Ертіс» футбол клубының баспасөз мәслихатында Ұлұқбек Бақаев пен Антон Чичулиннің жағдайын түсіндіріп, Предраг Говедарицаның командадан кеткенін жоққа шығарды, деп хабарлайды «PROСПОРТ» тілшісі.

 – Бақаев пен Чичулин жаттығудан шеттелді. Олармен келісім-шарт әлі бұзылған жоқ. Бұнымен қазір адамдар жұмыс жасап жатыр.

 – Ал Говедарица командадан кетіп қалды ма?

 – Жоқ. Ол әлі командада. Клуб оған сенім артады. Ешкім оны шығарған жоқ. Ол қазір демалып жатыр. Өкінішке орай, осы маусымда ойнай алмайды. Оған ҚР азаматтығын алып бергіміз келген, бірақ қиындықтар туындап қалды. Паспорт әлі де жасалып жатыр. Паспортты жарты жыл күткен Алдин Джидичпен жағдайға ұқсайды. Предрагта да осындай қиындық бар.

 – Осыған байланысты ол жалға берілмей ме?

 – Қазақстанда оның ойнайтын мүмкіндігі жоқ, ал Сербияда кез-келген командаға тіркеле алады. Егер оған келісім берсе.