Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Анхель ди Мария «ПСЖ-мен» жасалып жатқан ұзақ келіссөзге наразы боп, осы ауысудан бас тартуға дайын.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Аргентина құрамасының ойыншысы істің осылай ұзаққа созылғанына көңілі толмайды, енді ол «Манчестер Юнайтед» сапына ауысуды қайта қарауға дайын. «ПСЖ» қаржылық фэйр-плейдің кесірінен бұл трансферді аяқтай алмай жатыр. «ПСЖ-ға» ди Марияны қатарына қосу үшін өз көшбасшыларының бірін сату қажет.

Әрине, қазіргі жағдайды «Манчестер Юнайтед» те аңдып отыр, бірақ «манкуниандықтар» әзірше «ПСЖ» ұсынған 8 миллион еуро жылдық жалақаны қайталауға дайын емес.