Біздің командалар сәтті өнер көрсетіп жатқан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтарының басталатын уақыттары белгілі болды.

Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» алғашқы ойынды өз алаңында 30 шілдеде өткізеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Келесі күні, яғни 31 шілдеде, «Шахтер» Қарағандыда Астана уақытымен 18:30-да сплиттік «Хайдукты» қабылдайды. «Астана» да сол күні өз алаңында АИК-ке қарсы өткізеді, матч жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.