«Тур де Франс» көпкүндігінің 18-ші кезеңінде «Astana Pro Team» клубының капитаны Винченцо Нибали мәреге бірінші келді.

Ал, екінші болып «FDJ» клубының өкілі француз Тибо Пино келсе, үшінші «Tinkoff-Saxo» клубының шабандозы Рафал Майка келді.

Айта кетерлік жайт, Винченцо Нибали бір маусымда 4 рет кезең жеңімпазы болған екінші велошабандоз атанды. 1974 жылы өткен «Тур де Франс» маусымында бельгиялық шабандоз Эдди Мерк төрт рет жеңімпаз атанған болатын.

«Тур де Франс», 18-ші кезең. По — Отакам, 145,5 шақырым

1. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 80:45:45

2. Тибо Пино (Франция, FDJ.fr) – +7:10

3. Жан-Кристоф Перо (Франция, AG2R La Mondiale) – +7:23

4. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – +7:25

5. Ромен Барде (Франция, AG2R La Mondiale) – +9:27

6. Тиджей Ван Гардерен (США, BMC Racing) – +11:34

20. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – +50:34

34. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – +1:47:55

45. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – +2:21:10

79. Льюве Вестра (НидерландыAstana Pro Team) – +3:13:27

99. Андрей Гривко (УкраинаAstana Pro Team) – +3:34:18

129. Максим Иглинский (Казахстан, Astana Pro Team) – +4:08:27

133. Дмитрий Груздев (Казахстан, Astana Pro Team) – +4:14:30

143. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – +4:30:11