«Ақтөбенің» жас вингері Дмитрий Мирошниченко «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында «Динамоға» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.
– Құттықтаймын! Матч жанкүйерлер үшін қызық өтті.
– Иә. Бірақ бірінші таймда қос команда өте сақ ойнады, бір-бірін бақылаумен болды. Ал екінші кезеңде қолдағы картамыз ашылып, ойын жылдам және өткір өтті.
– Кездесу алдында бапкер не айтты?
– Владимир Валерьевич саспай өз ойын мәнерімізді жүргізуге нұсқау берді, жанкүйерлер бізге сенім артып қолдауға келгенін жеткізіп мейрамсыз қалдырмауға өтінді. Сондықтан қатты тырыстық.
– Сіз шабуылға көп араласпадыңыз. Бұл бапкердің нұсқауы болды ма?
– Иә. Бапкер қорғанысты реттеп алып, кейін шабуылға араласуға болатынын құлаққа құйды.
– «Стяуаны» зерртей бастадыңыздар ма?
– Жоқ, қазір «Ертіске» қарсы кездесуді ойлап отырмыз, сол матчтан кейін қарсыласымызды зерттеуге уақыт табылар.
Комментарии