Халықаралық теннис орталығы Федерацияның «Теннис 10 жасқа дейін» бағдарламасымен балаларды іріктей бастады.
 
Ең жас теннисшіге 5 жас, ал дәл қазір орталықта 100 жаңа бала тенниспен шұғылдануда. Кешен басшылығы тағы 200 баланы іріктеп алмақ.
 
«Біздің орталық баслаларынан айырмашылығы неде деп ойлайсыз ба? Әр жас мөлшеріне сай арнайы доп пен ракетка жасалған. Мысалыға, 5-6 жастағы балаларда қызыл доп, кішкентай ракеткалар», — дейді халықаралық теннис орталығының директоры Валерий Шайбаков