Сергей Деревянченко қәсіпқой бокс алаңын жеңіспен бастады, деп хабарлайды boxingnews.com.ua.

«Астана Арландары» бокс клубының бұрынғы мүшесі, украиналық боксшысы Сергей Деревянченко Нью-Йорк қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.Сергей Деревяченко өзінің алғашқы қарсыласы америкалық боксшысы Кромвелл Гордонды небәрі 2 раундта нокаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Astana Arlans-тан кеткеннен кейін Деревянченко үш жылға Fight Promotions inc. және Dibella Entertainment-пен келісімшартқа отырған болатын.