Халықаралық додаға әлемнің 10 елінен спортшылар қатысады, деп хабарлайды inform.kz.

Жамбыл облысы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков жарысқа Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Нигерия, Италия, Тәджікстан мен Украина спортшылары қатысады деп мәлімедеді.

Балуандар 57 кг, 61 кг, 65 кг, 74 кг, 86 кг, 97 кг және 125 кг салмақ дәржелерінде өнер көрсетеді. Бас жүлде – 100 мың доллар. Жарыстың ашылу салтанаты 26-шы шілде күні «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді.