«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.  

Израильдегі саяси жанжалға байланысты Кипрде өткен қарымта ойын «Хапоэльдің» жеңісімен аяқталды. Десек те, қос ойынның қорытындысы бойынша елордалық команда келесі айналымға өтті. Кипрдің Ларнакка қаласында өрбіген тартысты кездесу 1:0 есеппен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды матчтың 56-шы минутында «Хапоэльдің» бразилиялық легионері Саша пенальтиден соқты.

Осылайша, бірінші ойында 3:0 есебімен жеңіске жеткен Станимир Стойловтың командасы келесі кезеңде швецияның АИК командасымен кездеседі.   

Еуропа Лигасы. 2-ші іріктеу кезең.

«Хапоэль» (Тель-Авив, Израиль) – «Астана» (Астана, Қазақстан) 1:0 (0:0)

Гол: Саша (56, пенальтиден)

Бірінші ойын: 0:3