«Астана» футбол клубы жаңа белестерді бағындыруға дайын. Елордалық команданың жаңа президенті Қайсар Бекенов біздің тілшімізге берген сұхбатында алдағы уақытқа қойған мақсаты мен тағы басқа маңызды жоспарларымен бөлісті.

- Қайсар Рауфұлы, клубтың Президенті болып тағайындалған соң алдыңызға қойған мақсатыңыз қандай болды?

- Біздің ең басты мақсат – ел чемпионатын ұту. Өйткені елордалық жанкүйерлер бірнеше жыл болды бізден алтын медаль күтіп жүр. Бұған қоса, біз «Астана» кәсіпқой президент клубының мүшесіміз. Сондықтан алдымызға тек қана жоғары мақсаттар қоямыз. Сонымен қатар, жанкүйерлердің санын көбейткіміз келеді. Біз – жас командамыз, сондықтан бұл үдеріс ұзаққа созылуы мүмкін.

- Басқа қалалармен салыстырғанда Астанада жанкүйерлер санын көбейту қиындау көрінеді. Мәселен, бұрыннан бері өнер көрсетіп келе жатқан «Барыс» хоккей клубының өзінде жанкүйерлердің саны көп емес...

- Бұған бірнеше себептер бар. Астана тарихи қала. Жергілікті тұрғындардың саны аз, ал басқа қалалардан келгендер өздерін «астаналықпын» деп сезінбейді. Осында дүниеге келген балалар патриот болып спортың дамуына үлесін қосады деп ойлаймын. Дегенменде, Астананы спорттан алыс қала деп айтуға болмайды, себебі мұнда Ұлттық құрама мен «Шахтердің» ойындары көп жанкүйерлерді жинайды. Қазіргі таңда, біздің жанкүйерлердің саны аз болғанымен оларға үлкен алғысымды айтқым келеді. Үнемі бізге қолдау көрсетеді.   

- Былтырғы маусымда «Астана» «Ақтөбемен» чемпиондыққа таласқан болатын, егерде турнир бұрынғы жүйе бойынша өтсе елордалық команда чемпионатты ұтуы әбден мүмкін еді. Қазіргі таңдағы жарыс жүйесі туралы пікіріңіз қандай?

- Бұл жүйе өте қызықты. Жанкүйерлерге арналған. Былтырғы маусым бұның бірден-бір дәлелі. Егерде ескі жүйе бойынша ойнайтын болсақ, чемпиондыққа таласпайтын командалар үшін ары қарай ойнау қызықты болмаушы еді.

- «Пюникке» қарсы өткен ойындағы жеңіс «Астанаға» сенімділік қосты. Әйтсе де, армяндардың командасы жас тәжірибесі жоқ ойыншылардан жасақталғанын ескеруіміз керек.

- Келісемін. «Шахтер» тағы бір армениялық команда «Ширакты» ұтты, бірақ олар біраз қиналды. Қос армяндық команда өте ұқсас. Иә, біздің команда кездесудің фавориті болды, бірақ «Ширактың» жас ойыншылары да өздерін мықты қырынан көрсеткісі келді. Осы жеңіспен былтырғы маусымдағы жеңілістің орнын толтырдық.  

- Сіздің идеал-командаңыз бар ма?

- Нақты ондай команда жоқ. Бұрынғы кеңес одағы елдерінің «Краснодар» мен «Шахтер» секілді командаларына ұқсағымыз келеді.

-Командаға немесе клубтың жұмысшыларына қосқан жаңа жүйелеріңіз бар ма?

 - Федерациямен бірге неміс бапкерлер әдісін енгізу жұмысымен айналасып жатырмыз. Сондай-ақ, «Реал Сосьедадтың» Академиясына барып біраз нәрсе үйреніп келдік. Маркетинг тұрғысында «Галатасараймен» жұмыс істеп жүрміз.

- Ойыншылармен жиі сөйлесіз бе?

- Иә, оларда менің нөмірім бар, қажет болса менің кабинетіме кіре алады. Олармен бірге сырт алаңдағы ойындарына барамын, әлбетте сөйлесемін. Жаттығуларына ғана кіріспеймін, себебі менің атқаратын өз жұмысым бөлек.

- Легионерлермен қарым-қатынасыңыз қандай? Арасында еркелейтіндер жоқ па?

- Ондай ойыншылар бізде жоқ.

- Әр командада өзінің жеке саясаты бар: ЦСКА қымбат және жасы келген легионерлерді шақырмауға тырысады, «Қайрат» жергілікті жас ойыншыларды сатып алып жатыр. «Астана» несімен ерекшеленеді?

- Бізде ондай қатып қалған талаптар жоқ. Меніңше бұл дұрыс емес. ЦСКА кезінде Вагнер Лавты қайта шақырған болатын. Біздеде мықты жас ойыншылар бар. Ұлты мен жасына қарап оны командаға алмау - деген бізде жоқ, ең бастысы – оның тиімділігі.

- Өзінің балалар мектебін дамыту ойда бар ма?

- Жоспарымыз бар. Жаңа база, академия салу және жас балаларымызды дамытуымыз әрине қажет. Жақында басшылықпен бұл мәселені қарастырамыз. 

- Шетелдік командалармен келісімге отырдыңыз ба?

- Иә. «Реал Сосьедадтың» президентімен келісімшартқа отырғанбыз.

- Бос уақытта немен айналасыз?

- Достарыммен футбол ойнаймын. Велосипед теуіп жүгіргенді ұнатамын. Жалпы, жұмыстан тыс уақыт болса спорттан ажырамаймын.

- Былтыр сіз клубтың қаржы директоры болдыңыз. Ойыншылардың жалақылары тым үлкен емес па?

- Жоқ, мысалға, Абзал Бейсебеков өзін мықты қырынан көрсетуде, демек ақшасына сай ойын көрсетіп жүр. Георгий Жуковта сол, әрине Бельгиямен салыстырғанда жалақысы көбірек болсада, жұмысқа деген көзқарасы өзгерген жоқ. Өте мәдиниетті, жақсы адам.  

- Бастапқыда қандай қиындықтар кездесті?

-  Біраз қиналдым. Ең алдымен, офистегі жұмыстың ұйымдастыруымен айналастым, содан соң ОЖЖ мен жаттығу мәселелерін шештім. Жалпы ең қиыны ол – команданы жасақтау. Ойыншылар мен олардың агенттерімен келіссөз жүргізу де ауыр.

- Сіздің клубқа келуіңізбен өте қызықты жайт болды. Владимир Абрамов командаға келді де екі аптадан кейін кетіп қалды. Себебі неде?

- Команданың бұрынғы президенті Абрамовпен келіссөз жүргізген болатын, артынша ол кеткеннен кейін Вадим Александрович өз еркінмен орнын босатты.

- Стойловтың алдында команданы атақты ван Гал жаттықтырады деген сыбыстар болған. Бұл қаншалықты рас?

- Құрамасын әлем чемпионатына шығарған бапкерді команда шақыру әрине қиын. Сондықтан, бұл жай ғана сыбыс.

- Стойлов жайлы пікіріңіз қандай?

- Турашыл адам. Жалпы барлық кандидаттардың арасында ең мықтысын таңдадық деп ойлаймын.