Қазақстандық клубтар «Қайрат» пен «Шахтер» «Ақтөбені» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтуімен құттықтады.

«Қайрат» футбол клубы қазақстандық футболдың барлық жанкүйерлерін, оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерін УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығуымен ерекше құттықтайды және турнирді ұзақ уақыт жалғастыруын тілейді», - деп жазылған «Қайраттың» ресми сайтында.

«Шахтер» футбол клубы «Ақтөбені» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде тбилисилік «Динамоны» қос ойын нәтижесі бойынша 4:0 есебімен жеңгені үшін шын жүректен құттықтайды. «Ақтөбе» ФК қонақта Грузияның атақты командасын жеңіп, қарымта матчта жанкүйерлерге толы өз стадионында қазақстандық футболдың әлемдік аренадағы жоғары деңгейін тағы бір рет көрсете алды. «Ақтөбе» өте әдемі ойын көрсетіп, жауапсыз үш гол соқты. Қазақстандық клубтар УЕФА аясындағы турнирлердегі осындай жеңістерімен өз жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлап, мықты клуб екенін тағы да дәлелдейді. Қарағандылық клуб отандастарына сәтті өнер көрсетуін және лайықты жеңістер тілейді», - деп жазылған «Шахтердің» ресми сайтында.