УЕФА Еуропа Лигасы екінші іріктеу кезеңін аясында өтетін «Шахтер» мен «Атлантас» арасындағы ойын алдында Қарағанды қаласында Литвадан келген қонақтар жаттығу өткізді.

Бір қызығы, бапкерлер ұжымында жаттықтырушы Константин Сарсанияның көмекшісі қызметін атқарып жүрген Владимир Тункин мен Римантас Жвингилас кезінде «Шахтер» сапында доп тепкен. Жасыл алаңда дене қыздырып, жүгіріп болғаннан кейін әр түрлі жеңіл жаттығулар жасады. Сосын үлкен шаршы жасап, екі қимылмен допты бір-біріне пас беріп ойнады, соңында қақпаға соққы жасаумен аяқтады. «Атлантас» Литвадан Астанаға келгеннен кейін төрт сағат автобуспен Қарағанды қаласында жетті.