Қазақстан Ұлттық мұнай компаниясы «ҚазМұнайГаз» түріктің «Галатасарай» клубының бас демеушісі атануы мүмкін, деп хабарлайды fanatik.com.tr. сайты.

Түркиялық клубтың президенті Унал Айсал демеушілік жөнінде іс жүргізу үшін Қазақстанға аттанып кетті. Алайда қос тараптың келіспей тұрған бір тұсы бар – «Галатасарай» қазақстандық компаниядан 15 миллион доллар сұраса, «ҚазМұнайГаз» жағы тек 10 миллион доллар беруге дайын екендігін білдірді.