«Мерседес» Льюис Хэмилтонмен жаңа келісім-шартқа отырмақшы, деп хабарлайды The Mirror.

Келісім 3 жылға жасалады. Келіссөздер жақын арада басталады.

Әлем чемпионатының жеке есебінде Хэмилтон 176 ұпаймен екінші орында. Оның алдында, бірінші орында «Мерседестегі» әріптесі Нико Росберг (190 ұпай) тұр.