Биыл 34 елден 100 спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚР теннис федерациясының ресми сайты.

Ашылу салтанатында Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев барлық қатысушыны құттықтап, кортта табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, «Президент Кубогы-2014» аясында 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы турнир бүгін басталса, демалыс күндері ерлер мен әйелдер арасында әуесқойлар ракетканы қолына алады.

Сайыстың финалдық матчтары 27 шілдеде болады, содан кейін турнирдің ресми жабылу салтанаты өтеді.