Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге аустралиялық Дэниел Гилге қарсы кездесуде сәттілік тіледі, деп мәлімдейді «Қазинформ».
 
«Шақырту үшін алғысымды білдіремін. Жекпе-жекте саған жеңіс тілеймін. Қазақстандықтар сенімен бірге»,- деп жазылған ҚР Президентінің хаттамасында. Телеграмма Геннадий Головкинге Нью-Йорктегі елшілікте ресми түрде табысталды.
 
Геннадий жауап хатында: «Көрсеткен қолдауы үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымды білдіремін», - деп жазған.
 
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Гил арасындағы кездесу 27-ші шілде күні өтеді.