«Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Хави «Нью-Йорк Сити» командасына ауысудан бас тартты.

Sport.es,-тің хабарлауынша «Барселонаның» жаттықтырушысы Луис Энрикемен кездесіп ақыл-кеңес сұраған Хави өзге клубқа ауысу туралы ойынан бас тартыпты.

Хави «Барселона» сапындағы жаттығуын 24-ші шілдеде бастайды. Естеріңізге сала кетсек, оның келісімшарты 2015/16 маусымына дейін жоспарланған.