«Атырау» клубының жаттығу алаңында «мұнайшылардың» жаңа бапкері Владимир Никитенконы таныстыру рәсімі өтті.

Бірінші болып сөзді Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан алды:

- Владимир Андреев Қазақстан фтболындағы табысты мамандардың бірі. Ол тек бапкер ретінде ғана емес, футболшы ретінде де Қазақстандағы барлық жүлдені жеңіп алды. Анатолий Юрьевті «Атырау» үздік алтылықтан тыс қалғандықтан емес, денсаулығының нашарлауына байланысты орнынан босаттық. Өкінішке қарай, команда мен бапкерлер ұжымының алдына қойылған мақсат орындалмады. Бірақ біз еңсемізді түсірмей, алдағы ойындардың барлығын жеңуге тырысамыз.

«Атырау» клубының жаңа бапкері Никитенко:

- Мен бұл жерде 20001-2002 жылдары жұмыс істеген болатынмын. «Атырау» менің жүргімнің бір бөлігінен орын алды десем болады. Бұл жерде футболға көзқарас ерекше: жанкүйерлер де, футбол мен инфрақұрылым жоғарғы деңгейде. Жақсы нәтижелерге қол жеткізіп көрермендерді қуантқымыз келеді. Футболшылармен тіл табысып, тек алға қарай жылжу керек. Өзімнен талап етілгеннің бәрін орындауға тырысамын.

-  Сіздің қол астыңызда команданың ойын үлгісі өзгереді ме?

- Бірқатар өзгерістер орын алады. Кез келген жағдайда тек бізге нәтиже беретін ойынға талпынамыз. Бізге алтын орта керек  – көп соғып, аз жіберу.